Әнуар Сауатұлы Тарақов 1956 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында туған. 1980 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін бітірген. 1980-90 жылдары республикалық «Жас алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде тілші, аға тілші, жауапты хатшы орынбасары қызметін атқарған. 1990- 1992 жылдары республикалық «Парасат» журналында бөлім редакторы, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, 2000-2002 жылдары халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы болды. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, М.Дулатов атындағы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ақын,аудармашы 2002 жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті, әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының дәріс беруші профессоры. Ә.Тарақов 1998 жылы «Өлең - толғаулар, аңыз- әңгімелер тарихи жыр - дастандардағы Абылай хан тұлғасы» тақырыбында 10.01.02 қазақ әдебиеті мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ол 2006 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» атты докторлық диссертация қорғады. «Алаштың айбын-ардағы – Абылай хан» әдеби-тарихи монография (Алматы. «Қазақстан»-2003), «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» монографиясы (Алматы. «Қазақ университеті»-2004) және «Аударма психологиясы мен мәдениеті» (Алматы. «Қазақ университеті» - 2005), «Аударма әлемі» (Алматы. «Қазақ университеті» -2007), «Ауызша аударма» (Алматы. «Қазақ университеті» -2009), «Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері» (Алматы, Қазақ университеті,2011) оқу құралдарының авторы. Екі поэзиялық жинағы бар. Маджед бен Абдел Әзиз Ат-Түркидің «Қазақстандағы билік нұры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Алматы; Қазақ университеті, 2010- 110б кітабын аударды. Студенттер мен магистранттардың ph докторанттардың ғылыми және шығармашылық жұмысына жетекшілік жасайды. Қазақ әдебиеті, әдебиеттану, фольклор, әдебиет сыны, аударма, журналистика, өнер мәселелеріне қатысты 200-ден астам зерттеу мақалалары бар. Публицистикалық және көркем аудармамен айналысады. «Әлем әдебиеті және көркем аударма» пәні бойынша типтік бағдарламаның авторы. «Абай институтының хабаршысы» журналының редалқа мүшесі. Бірнеше оқытылатын пәндердің негізгі оқу бағдарламасын жасады. Факультеттегі әдебиеттану секциясының төрағасы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазПИ
Жоғары
1980

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
02.11.1998
Доктор
06.02.2007

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
27.11.2008
Қызығушылығы